Экономика • 25 Наурыз, 2021

Доллар тағы қымбаттады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы да қымбаттады, деп жазады Egemen.kz KASE-ге сілтеме жасап. 

 

Доллар тағы қымбаттады

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 22-24 наурыз аралығымен салыстырғанда 1,94 теңгеге өскен. АҚШ ақшасының орташа бағамы 423,12 теңге болды.

Ұлттық банктің 25 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 421,29 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 423,81 теңге сатылса, ал сатып алу - 422,24 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 423,67 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 422,45 теңге.