Спорт • 25 Наурыз, 2021

Қазақ файтер Дамир Ысмағұлов UFC промоушенімен жаңа келісімшартқа отырды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлты қазақ ресейлік спортшы Дамир Ысмағұлов UFC (Ultimate Fighting Championship) промоушенімен жаңа келісімшарт жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақ файтер Дамир Ысмағұлов UFC промоушенімен жаңа келісімшартқа отырды

30 жастағы файтердің жаңа келісімі төрт жекпе-жекке есептелген. 

Еске салайық, Ысмағұлов UFC промоушенінде 2018 жылдың желтоқсанында өнер көрсете бастады. Содан бері өткізген үш айқасында да жеңіске жетті.