Қазақстан • 25 Наурыз, 2021

Жерді жалға алғандардың ашық тізімі болуы керек – Жигули Дайрабаев

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жер пайдаланушылардың кім екенін жердің нақты иесі — халық білуі шарт. Бұл туралы Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы Жигули Дайрабаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Жерді жалға алғандардың ашық тізімі болуы керек – Жигули Дайрабаев

«Жер шетелдіктерге берілмесін деп дабыл қағып жүргенде, қазіргі жер пайдаланушылардың Қазақстан резиденттігінен шығып, шетел азаматтығын алып жатқанын байқамай қалдық. Өкінішке қарай, фактілер бар, жақын арада тиісті материалдарды комиссия назарына ұсынамыз. Шетел азаматтығын алып жатқандар қолда бар мыңдаған гектар жер телімдерін банкке кепілге қойып, қыруар ақша алып, кейін қайтара алмай, шетелге қашып кетпеуіне кім кепіл? Заң кері күшіне ие бола алмайды деген кертартпалықты қойып, тиісті механизмдерді қарастырған абзал», деді Ж. Дайрабаев.

Сонымен бірге, қауымдастық төрағасы жерді жалға алғандардың ашық тізімі болуы керегін айтты.

«Тіпті, жер пайдаланушы заңды тұлғалардың құрылтайшыларының кім екенін, қай жердің азаматы екенін жердің нақты иесі – халық білуі шарт. Президентіміз халыққа жасаған соңғы Жолдауында қоғамдық бақылау рөлін күшейту керек деп қадап айтты. Сондықтан «Елдің көзі - елу» деген принципті жер мәселесіне де пайдалануымыз керек», деді спикер.