Оқиға • 25 Наурыз, 2021

Төрт күнде 200-ден астам көлік қар құрсауынан шығарылды - министрлік

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыздың 20-24 аралығында 200-ден астам көлік қар құрсауынан шығарылды, деп хабарлайды Еgemen.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Төрт күнде 200-ден астам көлік қар құрсауынан шығарылды - министрлік

Министрліктің мәліметінше, мерекелік демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде қарлы, кей жерлерде жауын-шашын мол көлемде түсті. Күн райына байланысты жолда қалып қойған көлік жүргізушілеріне бірінші болып жол саласының қызметкерлері көмекке келді. «Осылайша, наурыздың 20-сы мен 24-і аралығында 200-ден астам көлік құралы қар құрсауынан шығарылды. Соның 65-і жылы бокстерге жайғастырылды. Ал 320 адам «Қазақавтожол» ЖШС жылыту пункттеріне орналастырылды», делінген хабарламада.