Футбол • 26 Наурыз, 2021

Жастардың жарқын жеңісі

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркиядағы Antalya Cup-2021 ха­лық­аралық турниріне қатысып жат­қан фут­болдан Қазақстан жастар құра­ма­сы (U-21) жарысты жеңіспен бастады.

Жастардың жарқын жеңісі

Солтүстік Македониядан келген құр­дас­тарымен жасыл алаңда кездескен Қайрат Нұрдәулетовтің шәкірттері қар­сыластарынан 2:1 есебімен басым түсті. Матчтың 54-минутында «Астана» клубының қорғаушысы Сағи Совет есеп ашса, 73-минутта Абылайхан Жұмабек таблодағы көрсеткішті еселей түсті. Айта кетейік, Солтүстік Македония құрамасы былтыр 2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде жерлестерімізді өз жерімізде 4:1 есебімен тізе бүктірген еді.

Біздің жігіттер келесі ойынын бүгін Болгария жастар құрамасымен өткізеді. Кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталады. Ал 28 наурызда Өзбекстан футболшыларымен кездеседі.

 

 

Соңғы жаңалықтар