Парламент • 26 Наурыз, 2021

Мәжіліс депутаттары ЕАЭО өнімдерінің қауіпсіздігі туралы келісімді қарайды

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаттары ЕАЭО өнімдерінің қауіпсіздігі туралы келісімді қарайды

Бюро отырысында депутаттар қарауына ЕАЭО-ның техникалық регламенттерінде талаптар белгіленбеген өнімнің ЕАЭО шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды.

Құжат Одақтың техникалық регламенттері қабылданбаған немесе күшіне енбеген және мемлекеттердің заңнамасына сәйкес міндетті қауіпсіздік талаптары белгіленбеген өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Күн тәртібінің жобасында «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» заң жобасын және оған ілеспе заң жобаларын екінші оқылымда қарау ұсынылды.

Сонымен қатар отырыста жетінші сайланған Мәжіліс пен шет ел парламенттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі топтардың құрамы туралы мәселе қаралды.