Бенно Ноймардың ата-анасы осы жылдың басында із-түссіз жоғалған. Бірнеше аптадан кейін анасының денесі өзеннен табылды. Оның денесінде тұншықтыру іздері бары белгілі болды. Іздеу амалдары барысында сол өзеннің көпірінен әкесінің қан іздері табылған.
29 қаңтарда жергілікті полиция күдіктіні тұтқындайды. Алғашында бодибилдер өз қылмысын мойындамаған. Алайда кейінірек айғақ-дәлелдер көбейе бастаған соң қылмысын мойындауға тура келіпті.
Белгілі болғандай, 30 жастағы жігіттің ата-анасы одан итін серуендеуге алып шығуын сұраған. Бірақ ол бұл өтініштен бас тартып, видео ойын ойнап, кейін ұйықтап қалады. Тілін алмаған баласына ашуланған әкесі баласын ұйқыдан оятып, ұрыс соңы қылмысқа ұласқан. Бенно Ноймар жай ғана тыныштықты қалағанын, ата-анасын сол себепті өлтіргенін айтады.