Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» жобасына 61 кәсіпкерлік субъектісі қатысып жатыр. Оның ішінде 22 фитнес клубы, 12 спа-орталық, 4 бассейн, 3 боулинг клубы, 16 компьютер клубы, 4 сауна бар.
Жоба аясында кәсіпкерлік субъектілері Денсаулық сақтау министрлігінің ПТР-зерттеулер туралы деректер базасымен біріктірілген «Ashyq» мобильді қосымшасымен жұмыс істейді. Жобаның артықшылығы — кәсіпкерлік субъектілерінің қай аймаққа орналасқанына қарамастан қызметін қайта бастауына немесе жалғастыруына болады.
Айта кету керек, мекемеге кірер сәтте келушілерге түстер бойынша мәртебе беріледі:
– «қызыл» мәртебе – қозғалысқа шектеу, өйткені адам амбулаториялық емделуде;
– «сары» мәртебе – ішінара шектеу, яғни ПТР арқылы байланыста болған;
– «көк» мәртебе – ПТР-анықтаманың болуы міндетті орындардан басқа жерлерде қозғалысқа шектеулер жоқ;
– «жасыл» мәртебе – COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен адам үшін шектеусіз қозғалыс.