«Мектептерде оқу процесін ұйымдастыру кезінде барлық эпидемияға қарсы іс-шаралар қарастырылады. Асханалардың жұмысы санитарлық эпидемиялық талаптарды сақтай отырып, өңірлік Бас санитарлық дәрігерлердің келісімімен ұйымдастырылады. Міндетті мектеп формасын киюдің қажеті жоқ, сабаққа еркін және ұқыпты киімде қатысуға рұқсат етіледі. Ауысымдар бойынша сыныптар санын, сондай-ақ жекелеген пәндерді қашықтан оқытуды мектеп дербес белгілейді», деді Шолпан Каринова.
Оның айтуынша, министрлік негізгі пәндерді штаттық форматта оқытуды ұсынған. Ал музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері сынды пәндер қашықтан оқытылады. Дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізуге ұсыныс берілді.