24 Сәуір, 2010

МАҢҒЫСТАУДА КАДРЛЫҚ АЛМАСУЛАР БОЛДЫ

591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Маңғыстау өңірінде бір күнде алты лауазым иесі жаңа орын­тақ­тарға отырды. Яғни, облыс әкімі­нің орынбасары А.Айтқұлов әкімнің бі­рін­­ші орынбасары  болды. Орын­басарлары Ж.Қараев “Нұр Отан” ХДП облыстық фи­лиалы төрағасы­ның бірінші орын­басары, Қ.Боқанов Маңғыстау ауданының әкімі қыз­меттеріне кірісті. Облыс әкімінің жаңа орынбасарлары болып елге белгілі азаматтар, бұған дейін облыстық басқармаларды бас­қарған Қ.Жұма­шев, М.Жүнбасов бекітілді. Сондай-ақ осы күні Ақтау қала­сына О.Қазақбаев әкім болып таға­йындалып, оның орнына, яғни Мұ­найлы ауданына Е.Әбілов әкім бо­лып барды. Ал Ақтау қаласының әкімі болған С.Бекбергенов Пре­зи­дент аппаратына жұмысқа ауыс­ты. Жоламан БОШАЛАҚ. АҚТАУ.