Тағайындау • 29 Наурыз, 2021

Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Асқар Санаубаров тағайындалды. деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Асқар Дәукенұлы Санаубаров 1977 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 2000 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша және 2016 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Ботақара кентіндегі қазынашылық бөлімде бастады. Бұқар жырау ауданының кәсіпкерлік бөліміне басшылық еткен.

2011 жылы Абай ауданында ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің бастығы болып қызмет етті. Одан кейін ауыл шаруашылығы бөлімін басқарды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарып келді.

 

 

Қарағанды облысы