Елорда • 29 Наурыз, 2021

Елордада оқу жылынан бастап 92 мектеп карантинге жабылған

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Наурыз айында оффлайн режімінде оқитын оқушылар арасында аурушаңдық 10% артқаны туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада оқу жылынан бастап 92 мектеп карантинге жабылған

«29 наурыздағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бастап оқушылар арасында 1654 COVID-19 жағдайы тіркелді, оның 515 (+16) немесе 31%-ы – оффлайн режімінде оқитын оқушылар, 1114 (+25) жағдай немесе 69%-ы – қашықтықтан білім алатын оқушылар. Демек, наурыз айында оффлайн режімінде оқитын оқушылар арасында аурушаңдық 10% артты», дейді Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Сархат Бейсенованың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында оқу жылынан бастап 92 мектеп карантинге жабылды.

«Мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалар арасында 170 жағдай тіркелді. 104 мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды, оның ішінде 95 топ бар. Қазіргі уақытта 19 мектепке дейінгі мекеме, оның ішінде 16 топ карантин режімінде қалып отыр», дейді ол.