Аймақтар • 29 Наурыз, 2021

Петропавлда тіркелген қылмыс саны 23% азайған

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы полковник Жандос Мұқатов қала тұрғындарының алдында берген есебінде айтты. Кездесуге Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков, облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев, қалалық мәслихаттың депутаттары Арман Бердіғұлов, Кеңес Мұқышев және т.б. қатысты.

Петропавлда тіркелген қылмыс саны 23% азайған

Тіркелген қылмыстарды ашу деңгейі -61,3% болған. Ал қасақана адам өлтіру, ауыр дене жарақаттарын салу, тонау, қарақшылық, зорлау, бұзақылық, ұрлық, автокөлікті айдап кету сияқты қылмыстар саны азайған. Есесіне алаяқтық фактілері 44,2%-ға артқан. Оның 70%-ы алдау және байланыссыз, яғни ақпараттық жүйе пайдаланушыларының сенімін пайдалану жолымен жасалған. Сонымен қатар 102 есірткі құқық бұзушылығы тіркелген, оның ішінде 47-сі сату фактісі. Заңсыз айналымнан 294 кг есірткі заты алынды, оның ішінде 489 гр героин.

Қала жолдарында жол-көлік оқиғалары 19,1%-ға артқан. 410 бейне бақылау камераларынан тұратын қалалық бейнебақылау жүйесінің көмегімен 721 қылмыс ашылып, 14 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркеліпті.

 

ПЕТРОПАВЛ