Осының бәрі бейнежазбада анық көрінген. Тәртіп сақшылары күдіктіні оңай анықтады, ол сол ауданда тұрып жатқан 23 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Асыл тұқымды ит оның ауласынан табылды. Хаскиді ол бұрын да бір рет ұрлап кеткені анықталды, бірақ ақылды ит басы босағанда бірден өзінің бұрынғы қожайындарына қашып келген екен. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
ПЕТРОПАВЛ