Тарих • 29 Наурыз, 2021

Павлодар уезінен шыққан тұңғыш фельдшер қазақ

873 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

ХІХ ғасыр қазақ даласына үлкен өзгерістер әкелді. Ресей империясының протекциясына толықтай кіргесін, жаңадан орнаған тәртіп халқымыздың көшпенді тірлігіне барынша әсер етті. Қазақтардың арасында дихандар, балықшылар, қолөнершілер, саудагерлер ғана емес, сондай-ақ, мұғалімдер, дәрігерлер, генералдар, жазушылар, суретшілер, тіпті спортшылар да пайда бола бастады. Енді қазақ халқы осындай жаңашылдыққа ұмтылған, іскерлік қабілеті мол, әрі білімді адамдарды үлгі тұтатын болды. Осындай елге танымал және үлгі болған адамдардың бірі – Павлодар уезінің тұңғыш дәрігер-фельдшері Баймырза Тоқтағұлов еді.

Павлодар уезінен шыққан тұңғыш фельдшер қазақ

Баймырзаның әкесі – Тоқ та ғұл Жәнібеков (қажы) аса дін дар және оқыған адам бол ған. Павлодар уезіндегі Ақсу болы сы ның тумасы. Ол 1878 жылы 17 жастағы ұлы Баймырзаны оқып, маман дық алуы үшін Омбы қала сы на жібереді.

Оқу орны – Әскери госпи таль дың жанындағы Орта лық фельдшерлік мектеп. Ислам дәс тү рінде қатаң тәрбие алып өскен және араб тілі мен орыс тілін жақсы меңгерген Баймырза осы оқу орнына қиындықсыз түсіп, 1882 жылы ойдағыдай бітіреді.

Жеке қолдағы бір коллек цияда 1882 жылы училище бі ті ру  шілердің  фотосуреті сақ та  лып қа лыпты. Осы суреттегі ба сы на шалма ораған жас жігіт 21 жас та ғы Баймырза Тоқтағұлов болуы мүм кін.

Енді училище тарихына қыс қа ша тоқтала кетейік. 1852 жылы Сібір казак әскерлерін меди ци на лық және аптекалық фельд шерлермен жабдықтау үшін, Омбы әскери госпиталінің жанынан фельдшерлер мектебі ашылады. Бұл Сібір өлкесіндегі тұңғыш медициналық оқу орны еді.

1874 жылғы мәліметтерге қа ра ғанда, тәрбиеленушілердің саны 18-ге дейін артып, олардың әрқайсысы жыл сайын 100 рубль әскери жәрдемақы алып отырған. 1876 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы, генерал-адьютант А.П.Казнаков «Омбы фельдшерлер училищесіне крестьяндар сословиесі мен қырғыздардан (қазақтар) тәрбиеленушілер алу туралы Ережені» бекітеді.

1877 жылы Батыс Сібір әскери ок ругі бойынша №151 әскери гос пи тальдің ғимаратында фельд  шерлер мектебінің тәрбие лену шілеріне интернат ашу ережесі бекітіледі.

Орталық мемлекеттік мұра ғат  та Баймырза Тоқта ғұлов қа қа  тыс ты бірнеше қызметтік тізім дер сақталыпты:

«Павлодар уезіндегі 2-нші учас  ке нің фельдшері Баймырза  Тоқ та  ғұловтың қызметі  жай лы қыз меттік тізім». 25 ақпан,
1898 ж.

Баймырза Тоқтағұлов, жасы 37-де, Омбы орталық фель дшер лік мектебін бітіргені жайлы дип ло  мы бар (әскери госпи таль дің жанындағы).

Куәлік (диплом) №80, 1882 жыл, 14 мамыр. Елге келгесін, Семипалат (Семей) облысы, Пав ло дар уезіндегі Ақсу болысында бо лыстық фельдшер қызметіне та ғайындалған.

1897 жылғы 17 қыркүйекте Семипалат облысы Генерал-гу бер  наторының №68 бұй рығы бо йынша, Павлодар уезіндегі 2-нші учаскеге фельд шер болып та ғайындалған.

Қырғыз (қазақ) Байсүгір Манамбаевтың қызы Қадишаға үйленген. Әріп атты ұлы 1883 жылы 1 мамырда туған. Қызы Нұрила – 1894 жылы 3 тамызда туған. Қызы Күлбағира – 1896 жылы 19 қарашада туған».

1883-1898 жылдар ара лы ғын дағы кәсіби қызметі барысында Баймырза жергілікті тұр ғындар арасында жедел кө мек беретін білімді дәрігер ре тін де танылады. Уездік клиника Павлодар қаласында болған. Фель д шер Баймырза сырқаттарға тұр ғы лық ты жерлеріне барып көмек жасап, қазіргі жедел жәрдемнің қызметін атқарған. 1898 жылға қарай 2-нші учаске өзіне үш болыстың аумағын қосып алып, қазіргі тілмен айтқанда, Баймырза үш ауданға бірдей медициналық қызмет көрсеткен. Ол көп жылдар бойы уездік дәрігер Михаил Вла ди ми ро вич Павловтың қара ма ғында болған. Осы кезде клиникаға Томск университетін бітірген жас дәрігер Әміре Айтбакин ке ліп қызметке тұрады.

1900 жылғы Қырғыздар шаруашылығы жөніндегі құ жат тардың (МКЗ) мәліметі бо йынша, Баймырза әкесімен бірге (Ақсу болысының 1-нші ауы лында) үлкен ағаш үй, жұ мыс кер лерге арналған жер үй, төрт шаруашылық құрылысы, 134 бас жылқы, 4 түйе, 165 ірі қара, 127 бас қойдан тұратын әжептәуір ірі шаруашылық ұстаған. Шаруа шы лықта жалдамалы жұмыс кер лер болған.

Бірінші әйелі Қадиша (бұ рын ғы болыс басқарушысы, би Байсүгір Манамбаевтың қызы) – Әріп, Нұрила, Күлбағира, Ғаб ды лғазиз атты төрт бала туған.

Екінші әйелі Кәмиланы 1907 жылы алған. Одан – Шөкенай, Мәпіш, Мәжит, Ғабидолла, Ғазиз атты балалар туған.

Баймырзаның ата-тек ше жі  ресі: Баймырза – Тоқтағұл – Жәнібек – Түгелбай – Қаратай – Байқұлақ – Жирентай (Иман) – ...Бәсентиін –...Арғын.

Баймырза Тоқтағұловтың кө мегімен және ақыл беруімен 1897 жылы фельдшерлік оқуға өзінің жерлесі, дарынды жас, болашақтағы белгілі дәрігер Арын Сүлейменов барады.

1905 жылы Баймырзаның әкесі Тоқтағұл Жәнібеков қажы лық парызын өтеу үшін Меккеге аттанады.

1907 жылы Баймырза Тоқта ғұ лов Мемлекеттік Думаға де путат тарды сайлаушы болып та ға йын далады.

Баймырза уездік әкімшіліктегі өзі нің қызметін 1915 жылы аяқ тай ды. Бірақ дәулетті әрі ық палды адам ретінде жеке дәрі герлік қызметін тоқтатпаған се   кіл ді.

Мұрағаттан 1924 жылғы Бай мыр заның отбасы туралы тізім табылды. Баймырза ол кезде 68 жаста.

1928 жылы Баймырза Тоқ та ғұ лов пен ағасы Шәріп дүние-мүлкі тәркіленіп (конфискация), жер аударуға жататын байлардың тізіміне енеді.

72 жастағы Баймырза мал-мүлкі тәркіленген соң, Ақтөбе облысына жер аударылады. Одан кейін, 1931 жылы оның баласы Ғабдылғазиздің дүние-мүлкі тәркіленіп, отбасымен Ресей федерациясының Сібір аймағына айдалады.

Баймырзаның бұдан арғы тағдыры және қайда жерленгені әзірше белгісіз. Жеңіс Марда нов тың шежіресінде Баймыр за ның немересі (Ғабдылғазиздың баласы) Қамза көрсетіледі. Өкініш ке қарай, Қамзаның балаларын және Баймырзаның бүгінгі күнгі басқадай ұрпақтарын табу мүм кін болмады.

ХІХ ғасырдағы мұрағат қор ла рында қазақ балаларының бі лім алып, қызмет істегені жайлы түрлі құжаттар (өтініштер, шешімдер, бұйрықтар, стипендиялар беру т.б.) жеткілікті. Тек Семей губерниясы бойынша ғана 20 шақты белгілі тұлғаға қатысты қыз меттік тізімдер өз де рінің ашы луын күтіп жатыр.

Менің осы бір кішкентай ғана ең бегім сол кездегі қазақ зиялы ла рының қалыптасу жолына сәуле түсіріп, Павлодар уезінің дәрігер-фельдшері Баймырза Тоқтағұлов секілді өз уақытында халқына қалтқысыз қызмет көр сеткен тұлға есімінің ұмы тыл мауына себеп болады деп үміт тенемін.

 

Даурен АЯШИНОВ,

тарихшы, өлкетанушы