Директорлар басқармасының дауыс беру қорытындысы бойынша Ермахан Ыбрайымов чемпиондар мен ардагерлер мәселелері жөніндегі комиссияның мүшелігіне, Мейрам Нұртазин жарыстарды өткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына кірді. Жаңадан тағайындалған өкілдерге арнайы хаттарды AIBA президенті Омар Кремлев жолдады.
Ыбрайымов пен Нұртазин – 2018-2019 жылғы үзілістен кейін AIBA басқарушы органдарына тағайындалған алғашқы Қазақстан өкілдері. 2014 жылдан 2017 жылға дейін комиссияларда Қазақстаннан алты адам жұмыс істеген болатын. Айта кетейік, 2019 жылы ұйымдағы реформаларға байланысты барлық комиссия мүшелері таратылып, биылдан бастап жаңа өкілдер тағайындалып жатыр.