«Із-түссіз жоғалған азаматтың денесі 26 наурызда сағат 20:00 шамасында Алмалы елді мекені маңындағы Бугорки саяжайы тұсынан, Жайық өзенінен табылды. Мүрдені қарау кезінде дене жарақаты болмады» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Өңір полицейлері жыл басынан бері хабар-ошарсыз кеткен 12 адамды іздестірген. Жоғалғандардың тоғызы табылып, үшеуі әлі іздестіріліп жатыр.