Аймақтар • 30 Наурыз, 2021

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда 38 жастағы азаматтың алимент төлеуден жалтарып, халықаралық іздеуде жүргені әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген азамат  ұсталды

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 26 наурызда сағат 11:00 шамасында полицейлер оны көшеде мас күйде ұстаған.

«Атырау қаласындағы №6 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары тексеру кезінде мас жігіттің Түркістан қаласының тұрғыны екенін анықтады. Жасы – 38-де. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 1-бөлігімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оған 2017 жылдан бері алимент төлеуден жалтарып, қашып жүргеніне байланысты халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.