Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтың айтуынша, Үкіметтің, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ, демеуші компаниялардың көмегімен коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін қажетті жабдықтар сатып алыныпты.
«Атап айтқанда, облыстағы ауруханалар 4 МРТ, 12 компьютерлік томография, 41 рентген аппаратымен қамтылды. Бұған қоса 669 оттегі концентраторы, 1514 пульсоксиметр, 267 өкпені жасанды желдету аппараты мен 8 оттегі стансасы іске қосылды» дейді Қайсар Абдалиев.
Оның мәліметінше, жедел медициналық жәрдем стансасының автопаркі толық жаңартылды. Қазір бұл стансада «103» қызметіне түскен шақыруға баратын 113 арнайы көлік пен 7 жылжымалы медициналық кешен бар.