Аймақтар • 30 Наурыз, 2021

Атыраулық балықшылар салмағы 150 келі тартатын бекіре аулады

4757 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда «Амангелді» ЖШС-нің балықшылары көктемгі балық аулау маусымында үлкен олжаға кенелді, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Атыраулық балықшылар салмағы 150 келі тартатын бекіре аулады

Балықшылар Жайық өзенінің төменгі сағасынан салмағы 150 келі тартатын бекірені аулады.

Серіктестіктің балық аулау бригадасының жетекшісі Өмірзақ Әзбергеновтің айтуынша, бекіре тұқымдас алып балық 29 наурызда кешкісін ауға түсіпті. Балықшылар оны  бекіре тұқымдас балықтар шабағын өсіру жөніндегі мемлекеттік тапсырыс аясында аулаған. Балық Жайық-Атырау бекіре шабағын өсіру зауытына жеткізді.

«Бекіре тұқымдас балықтың салмағы – 150 келі, ұзындығы – 2 метр 44 см. Біздің мамандар ультрадыбыстық сканьердің көмегімен бекіренің аналық екені, қара уылдырығы барын анықтады. Қара уылдырығы бар балық зауыттың тоғанында болады. Одан жасанды жолмен қара уылдырық алынады. Содан соң оны Каспий теңізіне – табиғи ортаға қайта жібереміз» дейді зауыт директоры Ғилман Сәрсемалиев.