Аймақтар • 30 Наурыз, 2021

Елорданың спортшылары джиу-джитсудан ел чемпионатында топ жарды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласындағы “Жастар” спорт кешенінде 27-28 наурыз күндері өткен джиу-джитсудан ел чемпионаты өтті. Онда елордалық спортшылар 20-ға жуық медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың спортшылары джиу-джитсудан ел чемпионатында топ жарды

Жарыстың алғашқы күні файтинг-систем бөлімінде 77 келі салмақта сынға түскен спортшымыз Баққуар Хамзе финалдық кездесуде атыраулық Алишер Ақжігітовті ұтып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Ал неваза бөлімінде (69кг) сынға түскен Ислам Мамилов финалда Нұржан Батырбековтан басым түсіп, бірінші орын иегері атанды.

Әйелдер арасында не-ваза бөлімінде Галина Дуванова (57 кг) мен Мадина Исказиналар (48 кг) қарсылас шақ келтірмеді. Қыздарымыз елорда құрамасының қоржынына тағы екі алтын жүлдені салды.

Сонымен қатар, файтинг систем бөлімінде Риза Сабитовамен (48 кг) не-ваза бөлімінде Нариман Мыңбаев (62 кг), Дәурен Айтенов (+94 кг) күміс жүлдеге қол жеткізсе, не-вазада Генишев Билал (94 кг), Игорь Кухарь (94 кг), Айгүл Самат (63 кг) қоланы қанағат тұтты.

Жалпы командалық есепте елорда құрамасы жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Бірінші орынды Алматы облысының құрамасы, ал үздік үштікті Маңғыстау облысы қорытындылады.

Екі күнге созылған чемпионатқа еліміздің 14 өңірінен төрт жүзден аса спортшы қатысты. Жарыс карантин талаптарына сай көрермендерсіз өтті.