Азық-түлікке ең көп шығындалатын тұрғындар Атырау облысында (2020 жылдың төртінші тоқсанында 404,7 мың теңге), Түркістан облысы (393,2 мың теңге) және Қызылорда облысы (383,6 мың теңге). Азық-түлікке жұмсалатын шығынның көп бөлігі ет пен ет өнімдеріне жұмсалады – 18,6% тиесілі. Тағы 7,8% нан және жарма өнімдеріне, 5,2% сүт және сүт өнімдеріне тиесілі.
2020 жылдың төртінші тоқсанында әрбір қазақстандық орташа есеппен 21,3 келі ет және ет өнімдерін, 35,5 келі нан-тоқаш өнімдері мен жарма, 63,4 кг сүт және сүт өнімдерін тұтынды. Жалпы, 2020 жылы әрбір қазақстандық орта есеппен 83,9 кг ет және ет өнімдерін тұтынған. Ең жоғары тұтыну Қарағанды мен Ақмола облыстарында байқалды – жан басына шаққанда орта есеппен 101,7 және 100,7 кг. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында азық-түлік бағасы 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 10,6% өсті.
Бағаның едәуір өсуі елордада және Павлодар облысында (11,2%), сондай-ақ Шымкентте (11,1%) байқалды. Ет және ет өнімдерінің бағасы Нұр-Сұлтанда 12,7%, Павлодар облысында 11,2%, Шымкентте 10,9% өсті. Қазақстанда ет және ет өнімдері орташа есеппен 12,1% қымбаттады.