Әлем • 30 Наурыз, 2021

AstraZeneca вакцинасының атауы неліктен өзгерді?

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Британиялық-шведтік AstraZeneca компаниясы препараттың атауын неліктен Vaxzevria деп өзгерткені белгісіз, деп хабарлайды Egemen.kz

AstraZeneca вакцинасының атауы неліктен өзгерді?

Мамандардың айтуынша, вакцина атауының өзгеруі басқа өзгерістерге әкелмейді. Сондай-ақ олар бұл атау туралы білуі керектігін алға тартады. Себебі препараттың қаптамасы мен таңбалануы түпнұсқадан өзгеше болуы мүмкін. Осы орайда еуропалық дәрілік заттар агенттігі (ЕМА) 25 наурызда AstraZeneca компаниясы берген тиісті өтінімді тексергеннен кейін вакцинаның жаңа атауын мақұлдады.

«Vaxzevria – бұл 18 және одан жоғары жастағы адамдарда SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирус инфекциясының (COVID-19) алдын алуға арналған вакцина», делінген EMA хабарламасында.