Ауа райы • 30 Наурыз, 2021

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

1301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауып, ал екінші сәуірде тұман мен көктайғақ болуы ықтимал. Тараз қаласында 1 сәуір күні қатты жел соғады. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының кей аймағын тұман басады. Петропавл қаласында осы күні жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Дәл сондай жағдай Қарағанды облысында қайталанбақшы. Өзге өңірлерде де ауа қысымы өзгеріп, күн райы құбылмалы болады.