Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері облыс орталығының 19 бен 20 жастағы екі тұрғынын ұстады. Олардың біреуі көрші кәсіпорында жұмыс істеген. Айтуынша, жұмысқа бара жатқан тұста көзіне үнемі осы кабель түскен екен. Ұсталғандар ұрланған кабельді оқшаулауыш материалдан тазарту үшін отқа күйдіріп, металл қабылдау орнына бар болғаны 27 мың теңгеге тапсырыпты. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабымен Сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Қаскөйлер кәсіпорынға айтарлықтай шығын келтіріп, аз ғана қаражат үшін бастарын бәйгеге тіккен. Көп жағдайларда күзеттің сауатты ұйымдастырылуы қылмыстың алдын алуға мүмкіншілік береді. Аталмыш кәсіпорынның күзеті тиянақты жұмыс істемеген», дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Марат Жұмалиев.