24 Сәуір, 2010

СОТТАЛҒАНДАР ЖАҒДАЙЫН ДА ОЙЛАУ ҚАЖЕТ

591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әділет министрі Р.Түсіп­беков­тің төрағалық етуімен пенитен­циарлық жүйенің ағымдағы жылғы І тоқсандағы жұмы­сы­ның қорытындысы талқыланып, аталмыш саладағы проблемалар мен оларды шешу жолдары қаралған отырыс болып өтті. Кеңесте сотталғандарды шарт­­­­ты түрде мерзімінен бұрын босату кезіндегі заңдылықтың жай-күйі, медициналық қыз­меттің жұмысын ұйымдастыру, қылмыстық-атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігі және басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Әділет министрі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бас­шылығына қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне атақ беру, лауазымға қабылдау және тағайындау мәселесінде айқын­дық пен шынайылықты қамтама­сыз ете отырып, кадр жұмысын мұқият регламенттеу, сотталған­дардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату және тағайындал­ған жазаны жеңілдету үшін өті­нішпен сотқа дербес әрі тікелей жүгінуін көздейтін заң жобасын әзірлеу процесін тездету жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар, Рашид Түсіпбеков қоныс-коло­ниялары жұмысының және оларға сотталғандарды түзеу ме­ке­мелерінен ауыстырудың қолда­ныстағы тәртібінің тиімділігін зерделеуді тапсырды.