![Шетелден ПТР анықтамасыз 15 жолаушы келді](/media/2021/03/31/photo5413386697414128016.jpg)
5 148 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 133 адам, анықтамасыз 15 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 3 090 жолаушы, анықтамамен – 3 079, анықтамасыз – 11;
Шымкент қаласының әуежайына – 7 рейс, 961 жолаушы, анықтамамен – 960, анықтамасыз – 1;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 774 жолаушы, анықтамамен - 771; анықтамасыз - 3;
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 321 жолаушы анықтамамен келген;
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Анықтамасыз келген 13 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.