Аймақтар • 31 Наурыз, 2021

Елорда полицейлеріне COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салынып жатыр

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлеріне екпе жасалуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорда полицейлеріне COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салынып жатыр

Қаланың Полиция департаменті емханасының терапевт дәрігері Айдана Әбдіпаттаның айтуынша, қазір «Спутник V» вакцинасын алуға учаскелік полицейлер мен ішкі істер саласының ардагерлері келіп жатыр.

«Олар халықпен тікелей жұмыс істейтіндіктен екпе алуға өздері келуде. Біз медициналық талапқа сай, вакцина салу жайлы оларға түсіндіріп, таныстырып жатырмыз. Талабымызға сәйкес қарап, бақылап, сосын ғана жұмысымызға кірісеміз. Бүгінге дейін қарсы көрсеткіштер болған емес. Бізде бәрі талапқа сай жүргізіледі», деді Айдана Әбдіпатта.

Екпе жасатқандардың бірі – Нұр-Сұлтан қаласы патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенант Сәкен Тасқын.

«Бүгін мен вакцина салдырдым. Қазіргі сәтте өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. Халықпен жұмыс істеп жүргендіктен өз еркіммен екпе салғыздым», деді Сәкен Тасқын.