Қоғам • 01 Сәуір, 2021

«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау аяқталды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық жас мамандарға баспана алуға мүмкіндік беретін «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау аяқталды

Биыл «Алматы жастары» қалалық тұрғын үй бағдарламасы аясында 1000 пәтер беріледі. Бағдарламаға қатысу үшін 9 741 өтінім берілген. Өтініштердің басым бөлігі білім, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қызметкерлерінен түсті.

Еске сала кетейік, жылжымайтын мүлік нарығында бағаның өсуіне байланысты бұл жолы несиеге 18 миллион теңге беріледі. Ал пайыздық мөлшерлеме 5 пайыз, бастапқы жарна 10 пайыз болады.

Бағдарламаға жасы 35-ке толмаған жастар қатыса алады. Отбасында тек бір адамның өтініші қабылданады. Өтініш берушінің күйеуінің немесе әйелінің жас ерекшелігі ескерілмейді. Сондай-ақ отбасының соңғы бес жылда баспанасы болмауы тиіс және жылжымайтын мүлікке мұрагер болмауы керек.

«Алматы жастары» бағдарламасына қатысушылардың соңғы 6 айдағы зейнетақы жарнасы болуы немесе ең аз дегенде жарты жыл Алматыда жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек.