Аймақтар • 01 Сәуір, 2021

Алматыда жол апатынан 2 адам қайтыс болды

2997 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында жеңіл көлік КамАЗ-ға соғылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда жол апатынан 2 адам қайтыс болды

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты бүгін түскі сағат 12:00 шамасында Абай саяжайындағы Наурызбай аумағында болды.

«ВАЗ-211440» автокөлігінің жүргізушісі Карьерная көшесінің солтүстік бағытында келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен. Нәтижиесінде КамАЗ көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-211440 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал оның 2002 жылы туған жолаушысы ауруханаға барар жолда қайтыс болды», деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.