Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев 1976 жылы 13 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша (1997), Қазақ гуманитарлық Заң университетін (2003) заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты.
1997-1998 жылдары «Казахойл-коммерция» ЖШС-нің мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы;
1998-2002 жылдары «Бұлақ», «Стандарт Трейд», «Стандарт Ойл Бейс», «Стандарт Ойл», «Стандарт Ойл Трейдинг», «Стандарт Газ» ЖШС-терінде директордың орынбасары, атқарушы директор, директор;
2002 жылы «Харрикейн Ойл Продактс» ШАҚ Қызылорда бөлімшесінің директоры;
2002-2004 жылдары «Қызылорда Мұнай Сервис» ЖШС-нің бас директоры;
2004-2005 жылдары – «Торговый Дом «ПетроКазахстан» ЖШС филиалының директоры;
2005-2007 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;
2007-2008 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы;
2008 жылдың 8 ақпанынан 2013 жылдың 13 ақпанына дейін Шиелі ауданының әкімі;
2013 жылдың 13 ақпанында Қызылорда қаласы әкімінің қызметіне тағайындалды.
«Құрмет» орденімен (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011) марапатталған.