Қазақстан • 02 Сәуір, 2021

Елімізде бау-бақша шаруашылығын дамытуға жағдай жасалған

1721 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры бау-бақша шаруашылығын арнайы қолдау шаралары туралы айтып, депутат Ирина Смирнованы шаруашылықтарды өз көзімен көруге көруге шақырды.

Елімізде бау-бақша шаруашылығын дамытуға жағдай жасалған

Бағбандарды қолдаудың арнайы шаралары ішінде көшеттерді, тамшылатып суаруға және қажетті инфрақұрылымды жүргізуге жұмсалатын шығындардың жартысын өтеу субсидиялары, сондай-ақ техника сатып алуға және бау-бақша отырғызуға арналған инвестициялық субсидиялар бар.

Сонымен қатар, сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын қаржыландыру бағдарламалары бар. Бұдан бөлек, тәлімбақпен айналысатындардың өтініші бойынша өткен жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі көшеттер өндірісін субсидиялау бойынша жаңа бағдарлама әзірледі. Онда тәлімбақ көшеттеріне арналған техника сатып алуға инвестициялық субсидия қарастырылған.

«Қазақстанда саланы дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысы өнеркәсіптік бау-бақша өсіруге тиімді өңір емес. Сондықтан, біз Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарына басымдық береміз. Құрметті депутатты «Дала Фрут», «Амал Био», «Alma Mater Fields», «Александровский сад» сияқты шаруашылықтарды көзімен көруге шақырамыз. Бұлар – өнімді сақтау инфрақұрылымы, бақшаны күту мен алма жинаудың тиімді технологиясы бар заманауи өнеркәсіптік бақтар. Бұл БҚО-даға жобаны қолдамай-ақ Қазақстанның бау-бақшасын қалпына келтіру және одан әрі дамыту мүмкін емес деген сауал жолдаған автордың пікірін өзгертуі мүмкін», деді министрлік өкілі.

Сондай-ақ, ол ескірген немесе қате деректер таралып кетпеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі кез келген қажет ақпаратты беруге және ашық диалогқа дайын екенін айтты.