Аймақтар • 02 Сәуір, 2021

Павлодар облысында отызға жуық елді мекенді су басуы мүмкін

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов бүгінгі таңда өңір бойынша есепте су басқан 28 елді мекен бар. Соның ішінде 17-сі – тасқын судан, 11-і – Шығыс Қазақстан облысы су қоймаларының Жоғарғы Ертіс каскадынан су жіберу кезеңінде, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодар облысында отызға жуық елді мекенді су басуы мүмкін

Оның айтуынша, Баянауыл және Ақтоғай аудандарындағы елді мекендер құтқарушылар мен биліктің бақылауында. Қардың күрт еруі кезінде топырақтың қатып қалуын ескере отырып, ТЖД өкілдері Баянауыл ауданының 101-ші шақырымындағы жолдар арқылы еріген судың асып кету мүмкіндігін болжайды. Бұл жерге көпір салынып, Ащысу өзенінің суын өткізу үшін қосымша екі су өткізу құбыры орнатылады.

Құрылысшылар жол төсемін бір метрден артық көтереді, бұл көліктің кедергісіз өтуіне көмектеседі. Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Игорь Рыбас брифингіде қала көшелерінен 500 мың тоннадан астам қар шығарылғанын айтты.

«Қазгидромет» Павлодар филиалының басшысы Маржан Құсайынова 1 қарашадан 30 наурызға дейін Павлодар облысы мен облыс орталығында жауын-шашынның жиынтық мөлшері нормадан 20% жоғары болғанына назар аударды. 25 наурыздағы жағдай бойынша қардың биіктігі 25 сантиметрді құрады.