Спорт • 02 Сәуір, 2021

Париж-Рубе веложарысы қазан айына ауыстырылды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Велоспорттан Париж-Рубе біркүндік жарысы сәуір айынан қазанға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Париж-Рубе веложарысы қазан айына ауыстырылды

Алғашында турнир 11 сәуірге жоспарланған еді. Франция билігінің коронавирус індетіне байланысты енгізген шектеулеріне байланысты велобәйге күзге шегерілді. Әлемдегі ең ежелгі веложарыстардың бірі 2-3 қазан аралығында өтетін болды.

Аталған жарыс 2020 жылы да коронавирусты инфекцияға байланысты ұйымдастырылған жоқ. Ал оған дейін турнир бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ғана өткізілмеген. 

Соңғы жаңалықтар

Асауға тұсау салынды ма?

Өнер • Бүгін, 10:00