«Құтқарушылар 7-ші қабаттағы 16 шаршы метрлік қоймада тұрмыстық керек-жарақ бұйымдары мен жиһаз өртеніп жатқанын анықтады. Кіреберісті алып кеткен қою түтіннен қорыққан тұрғындар дүрбелең тудыра бастады. Өрт тұтанғанда елдің көбі таңғы ұйқыда жатқан болатын. Тұрғындарды оятып, сыртқа шығаруға тура келді. ТЖД күшімен көпқабатты үйдің кіреберісінен 62 адам эвакуацияланды, 5 адам құтқарылды. Оның ішінде 3 бала және 2 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Осылайша, өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде қызыл жалын дер кезінде сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келген шығын анықталып жатыр», деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.