Қазақстан • 02 Сәуір, 2021

Мұхтар Тілеуберді бастаған Қазақстан делегациясы Ресейде

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Ресей астанасында Беларусь Республикасының төрағалығымен өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Мұхтар Тілеуберді бастаған Қазақстан делегациясы Ресейде

ТМД елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, оның ішінде өңірлік қауіпсіздік проблематикасын, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. 2020 жылы Достастық мемлекеттері Сыртқы істер министрліктерінің бейінді департаменттерінің өзара іс-қимылы туралы ақпарат тыңдалды.

Отырысқа қатысушылар қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуді көздейтін құжаттарды мақұлдады.

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімін орындау үшін сыртқы істер министрлері дене шынықтыру және спорт саласындағы, сондай-ақ туризм және жастар байланыстары саласындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қысқа мерзімді іс-шаралар жоспарын бекітті. Тараптар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының басталуының 80 жылдығына байланысты ТМД мемлекеттері басшыларының Достастыққа қатысушы мемлекеттер халықтарына және әлемдік қоғамдастыққа үндеуінің жобасын келісті.

ТМД СІМК отырысы аясында М.Тілеуберді Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен екіжақты келіссөздер жүргізді. Тараптар қазақстан-түрікмен қатынастарының жоғары қарқынын атап өтті, сондай-ақ екі мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындық мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51