Қоғам • 04 Сәуір, 2021

Алматыда екі қабатты ғимараттан өрт шықты

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Рысқұлов көшесіндегі екі қабатты ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды  Egemen.kz қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда екі қабатты ғимараттан өрт шықты

Белгілі болғандай, 4 сәуір күні түскі сағат 13:22-та Алматы ТЖД кезекші бөліміне Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы көшесінде орналасқан ғимараттың өртеніп жатқаны туралы ақпарат түскен. ТЖД күш-құралдары жоғары дәрежелі шақырту бойынша Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы, 258 мекенжайына жіберілген.

«Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде екі қабатты ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буынымен барлау барысында ғимараттің ішінде адамдар табылған жоқ, өрт оқпандары беріліп, өрт автоцистерналары өрт гидранттарына орнатылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Өрт болған жерге 18 техника мен 60 адам жұмылдырылды», делінген хабарламада.

Өрт сағат 14.17 кезінде толық сөндірілді. Оқиға орнынан 25 л газ баллоны эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.