Оқиға • 05 Сәуір, 2021

Жол талғамайтын көлік

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда төтенше жағдай департаментіне құрлықта да, су мен батпақта да жүретін жаңа көлік сатып алынды. Жол талғамайтын көліктің атауы – «Шерп».

Жол талғамайтын көлік

Биіктігі 70 см-ге дейінгі кедер­гілерден оңай өтеді. Су­да жүзеді. Судан мұз үстіне көтеріледі. Батпақта жүре алады. Дөңгелегінің диаметрі – 160 см. Құрлықта сағатына 45 шақырымды, ал суда 6 ша­қырымды еңсереді.

– Бұл көлік батпақты, қарлы жерде, мұз үстінде, сондай-ақ суда авариялық-құтқару мен іздестіруге арналған. Бұ­дан бы­лай «Шерп» көлігі Кас­пий теңізінің жағалауында көп кездесетін қамыс өртін сөн­­діруде де қолданылады, – деп ха­барлады департаменттің бас­пасөз қызметінен.

 

Атырау облысы