Қоғам • 05 Сәуір, 2021

Қазақстанда шегіртке ошақтарын анықтау жұмыстары басталды

27 рет көрсетілді

Бүгінде республиканың оңтүстік өңірлерінде шегіртке тектес зиянкестерді анықтау мақсатында тексеру басталды. Бұл туралы Egemen.kz ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне сілтеме жасап хабарлайды

Биыл шегіртке ошақтарын анықтау үшін GPS навигаторларды пайдалана отырып, 524 бірлік автокөлік пен 1230 тексерушіні жұмылдыру арқылы шамамен 38 млн гектар жерді тексеру жоспарлануда. Сондай-ақ шекаралас Ресей, Қытай және Өзбекстан мемлкеттерімен бірлескен зерттеулер жүргізу жоспарланған.

Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік өңірлерінде тексеру жұмыстары басталды. Көктемгі тексеру – қыстап шыққан шегірткелердің жай-күйін анықтауға және химиялық өңдеу жүргізу үшін жағдайды болжауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы республика бойынша шегіртке зиянкестерінің 640 мың гектар алқапта таралуы болжануда. Шегірткемен күресуге республикалық бюджеттен шамамен 2 миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа жеткілікті пестицидтер мен химиялық өңдеу қызметтері сатып алынды.

Сонымен қатар, орталық қоймада қосымша пестицидтердің қажетті қоры бар.

Өңдеу жұмыстарына183 бірлік арнайы техника (150 бірлік жер үсті бүріккіштері, 12 ұшақ, 13 бірлік аса жеңіл әуекемелері және 8 бірлік аэрозольді газ генераторлары) тарту жоспарлануда.

Өңірлерде химиялық өңдеу шегіртке зиянкестерінің таралу ошақтары анықталуына қарай басталатын болады. Бұл үшін ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық әкімдіктермен бірлесіп мониторинг және химиялық өңдеу жұмыстарының жоспарын бекітті.

Соңғы жаңалықтар

Сегізсай жауһарлары

Тарих • Бүгін, 09:58

Көз тартар көркем әлем

Өнер • Бүгін, 09:57

Жеке деректер желіге тарап кетті

Технология • Бүгін, 09:54

Жанашырлық жасау жолдары қарастырылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 09:53

Орманды ойсыратып алмайық

Экология • Бүгін, 09:51

Жасыл белдеу жайқала түседі

Экология • Бүгін, 09:48

Ерінбегеннің табысы еселенеді

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Бауырым бауырымнан қымбат емес

Коронавирус • Бүгін, 09:36

Індеттен сақтанудың ұтымды жолы

Коронавирус • Бүгін, 09:34

Жансақтау бөлімінде орын жоқ

Коронавирус • Бүгін, 09:28

Досын құтқарған жас өрен

Қоғам • Бүгін, 09:26

Коронавирус: 2625 адам жазылып шықты

Коронавирус • Бүгін, 09:18

Жаңғыртуларға негіз қалайды

Саясат • Бүгін, 09:16

Белсенділік жоғары болды

Саясат • Бүгін, 09:14

Бәсекелестік бәсі басым

Саясат • Бүгін, 09:10

Тағы 6797 адам коронавирус жұқтырды

Коронавирус • Бүгін, 09:02

Ауыл тіршілігі жанданады

Саясат • Бүгін, 08:35

Ауқымды жобаның бастауы

Саясат • Бүгін, 08:28

Алтын сатып алу азаймайды

Қазақстан • Кеше

Батыр Баян

Руханият • Кеше

Kazsat-тан неге бас тарттық?

Технология • Кеше

Адам құны

Әдебиет • Кеше

Редакторсыз кітаптар

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар