Кәсіпорынның баспасөз қызметі мәлім еткендей, тұрмыстық қалдықтар арасында пластикалық құтылар жиі ұшырасады. Тұрғындар оны көшеге тастап кетеді. Сол себептен, шаһардағы алаңдар мен демалыс орындарына торлы шөлмек қойылды.
«Шаһар тазалығы үшін осындай өзгеше контейнер жасалды. Бұл – торлы шөлмек түріндегі ыдыс. Бұған пластикалық бөтелкелер салынады. Оның алғашқы даналары Исатай-Махамбет оРталық алаңы мен Жайық өзенінің жағалауындағы саябаққа орнатылды. Болашақта мұндай торлы шөлмектер қала тұрғындары көп серуендейтін өзге де алаңдар мен саябақтарға орнату жоспарланып отыр», деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Атырау облысы