24 Сәуір, 2010

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ВЛАДИМИР БОБРОВ – ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен палатаның соңғы жалпы отыры­сында депутат Владимир Бобров Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды. Әріптестерінің қолдауына ие болған В.Бобров бұған дейін Мәжілістің Эконо­микалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Дауыс беру рәсімінен кейін сөз алған В.Боб­ров өзіне сенім көрсеткен әріптестеріне риза­шылығын білдіріп, тәуелсіз Қазақ­станның өсіп-өркендеуіне қызмет ететінін мәлім етті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.