«Nur Otan» партиясы 3 ай ішінде партиялық бақылау комиссиясының 624 отырысын өткізіп, онда 1918 мәселе қаралды. Олардың арасында әлеуметтік тұрғын үй беру кезіндегі заң бұзушылықтар, партиялық этиканы сақтамау, жатақханалардың сапасыз салынуы және т.б. көптеген түйінді мәселелер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтардың өтініштері негізінде мыңнан астам түрлі рейдтер де ұйымдастырылған.
Мәселен, Жезқазған қаласында пәтерді заңсыз бергені үшін бірден үш шенеунік «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылды. Жақында өткен прокурорлық тексеру көрсеткендей, тоғыз отбасы «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша заңсыз түрде баспаналы болған. Бұл жағдайды Қарағанды облыстық партиялық бақылау комиссиясы бақылауға алды. Пәтер кілттері қалалық ТКШ басқармасының үш қызметкерінің достары мен таныстарына тапсырылғаны анықталды. Барлық тоғыз отбасы сот шешімі бойынша пәтерлерді босатты. Енді олардың орнына баспанаға шын мұқтаж адамдар қоныстанатын болады.
Алматыда партия мүшелері жеке қорғаныш құралдарына қатысты медицина қызметкерлерінің айла-шарғыға баруы мүмкін жағдайдың жолын кесті. Бұған дейін қоғам белсенділері №4 қалалық жедел жәрдем бөлімінен есепке алынбаған обаға қарсы жиынтықтар, қорғаныс экрандары, бір реттік көзілдіріктер сақталған қойманы тапқан еді. Қоймадан табылғандардың барлығы гуманитарлық көмек аясында келген. Бұл жағдайды «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы жедел бақылауға алды.
«Анықталған заң бұзушылық фактісі бойынша Алматы қаласының Жедел медициналық көмек қызметінің басшылығына тәртіптік кеңес өткізу ұсынылды», - деп атап өтті партиялық бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов.
Ал Ақтөбе қаласыныдағы жатақханалардың бірінің тұрғындары 45 млн.теңге жұмсалып жүргізілген күрделі жөндеуден кейін де ғимараттың құлауға жақын тұрғанына шағымданды. Бұған жауап ретінде мердігер компания ПИК төрағасы мен тұрғындардың біразы қабылдау актісіне қол қойғанын және ол кезде ешқандай кемшіліктерді байқамағанын алға тартты. Бұл мәселеге қалалық партиялық бақылау комиссиясы араласты. Сонымен, үйге жүргізілген тексеру жұмыстары кәріз құбырлары мен жуынатын бөлмелерде олқылықтар бар екенін көрсетті. Нұротандықтар Ақтөбе әкімдігіне барлық анықталған кемшіліктерді жоюға және ақауларға қатысты актіні 10 сәуірге дейін ұсынуға кеңес берді.
Қызылордада облыстық мәслихат депутаты Бақдәулет Мақашов салтанатты іс-шара өткізген. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуына қатысты «Nur Otan» партиясы жедел әрекет етіп, оны Қызылорда облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы қызметінен босатты.
Партияның баспасөз қызметінде атап өткендей, өткен жылы Партиялық бақылау комитеті мен комиссиялары жеке және заңды тұлғалардың 1150 өтінішін қараған. 100-ден астам резонанстық мәселе оң шешімін тапты, орталық және жергілікті атқарушы органдарға 220-дан астам ұсыным енгізді.
2020 жылы партиялық жауапкершілікке 400-ден астам адам тартылса, олардың қатарында бірқатар вице-министрлер, облыс әкімдерінің орынбасарлары, мәслихаттардағы фракциялар басшылары және т.б. бар. Олардың ішінде түрлі заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 100-ден астам адам партиядан шығарылды.
«Тобыл» мен «Қызыл-Жар» маңызды матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 13:12
Шекара қызметі 8 мыңнан астам суық қару тәркіледі
Қоғам • Бүгін, 12:52
Солтүстік Корея коронавирусты жеңгенін жариялады
Әлем • Бүгін, 12:43
Магистратура емтиханында 328 адамның нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 12:35
Ата-аналар жекеменшік балабақшаларға шағымданып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда оқушыларға арналған автобус қатынайды
Қоғам • Бүгін, 12:17
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 12:08
Алматыда 190 көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:53
Павлодарда жоғалған ана мен бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
ІІМ қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 11:33
Үкімет басшысы отандық өндірісті қолдауды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:27
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбылдық тұрғыннан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Михаил Саакашвили ауыр хәлде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Елімізде 1651 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Корей медицинасымен байланыс кеңейді
Медицина • Бүгін, 08:27
Білім • Бүгін, 08:25
400 мыңнан аса бала мемлекеттен материалдық көмек алады
Білім • Бүгін, 08:23
Абай • Бүгін, 08:22
Абай • Бүгін, 08:20
Сенат депутаттары – халық ортасында
Саясат • Бүгін, 08:17
Ұқсас жаңалықтар