Пандемия құрсауы планетаны босатар емес. Үшінші толқын деміктірген кәрі құрлықтағы мемлекеттер шараларды қатаңдатып, вакцинаға үміт артып отыр. Алайда, вакцина бәріне бірдей жетпей жатыр.

Ұлыбритания үкіметі вакцинаны экспорттауды тек өз азаматтары толық екпе алып болғанда ғана жүзеге асыратынын айтса, Германия Экономикалық ынтымақтастық және даму министрі Герд Мюллер дүниежүзін қамтитын вакциналау жүргізу үшін 25 млрд еуро жетіспей жатқанын алға тартты. Сол себептен ЕО-ға мүше мемлекеттерге қарата қажетті соманың тезірек жиналуы маңызды екенін айтты. Сондай-ақ бұл шарадан АҚШ, Араб елдері және Қытай мен Ресей де шет қалмайды деген ойын жеткізді. Ал Еурокомиссия төрағасының орынбасары Маргаритис Схинас одаққа мүше елдер азаматтарының 70 пайызы шілденің ортасында вакциналау жасатып үлгереді деген үміті барлығын айтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинамен қамтылудың деңгейіне көңілі толмай, ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус: «Жалпыға бірдей жаһандық проблемаға жаһандық көзқарас қажет. Мұндай қиындықтың шешілуі жалпыға бірдей ынтымақта, бірлескенде ғана болады» деді. Ол қазіргі уақытта екпенің 76 пайызының 10 елге ғана тиесілі екеніне қынжылды.
Иә, індет қыспағынан құтылуда вакцинаға адамзат баласы үлкен үміт артып отыр. Алайда кейбірін егу барысында күмән туғаны да рас. Мәселен, британ-швед бірлескен өнімі AstraZeneca-мен егуді бірқатар Еуропа елдері тоқтатып, артынан Еуропа дәрілік өнімдер (EMA) агенттігінің тексеруінен соң Германия бастаған бірқатар мемлекет AstraZeneca препаратын COVID-19-ға қарсы қолдануды қайта жандандырды. Солай болғанымен Берлиндегі атақты «Шарите» университеттік клиникасының ресми өкілі Мануэла Цингль (Manuela Zingl) нақты шешім қабылданғанға дейін AstraZeneca вакцинасы жасы 55-ке дейінгі әріптестеріне салынбайтынын хабарлады. Оның айтуынша, бұған Германияда вакцина салдырған жас әйелдің миында тромбоздың пайда болуы жайында жаңа ақпараттың тарауы себеп көрінеді. Бұл қадамды әлі күнге 55 жасқа дейінгі азаматтарына осы вакцинаны салдырмай отырған Канада өкіметі де қолдайтынына сөз жоқ. Дегенмен айта кету керек, Мануэла Цингль осыған дейін шарителік 16 мың қызметкердің вакциналаудан өткізілгенін және көпшілігінің AstraZeneca қабылдағанын, оларда ешқандай алаңдатарлық жағдай, асқынудың болмағанын жеткізді.
AstraZenecaға қатысты тағы бір елеңдерлік жаңалық, оның сауда белгісін өзгертуі. 25 наурызда компания шығарған шешім бойынша AstraZeneca енді Vaxzevria деп аталмақ. Оның препараттың ішкі мазмұнына еш әсері жоқ, тек сырты мен марка белгіленуінде ғана өзгеріс енгізілетін көрінеді.
Коронавирусқа қарсы мРНК вакцинасының қатарына жататын BioNTech/Pfizer және Moderna-ға қатысты да мәселелер болғанымен мұхиттың ар жағындағы алпауыт ел – АҚШ коронавируспен күресте етек-жеңін жиып 50 млн-нан астам азаматына екпе салдырып үлгерді. Елге осы күнге дейін 180,6 млн доза Pfizer/BioNTech, Moderna және Johnson & Johnson вакциналары жеткізілсе, соның 145,6 млн дозасы қолданылған. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі орталығы (CDC) ғалымдарының мәлімдеуінше, вакцинаның екінші дозасын алушылар қатары молайған екі аптаның ішінде вирус жұқтыру 90 пайыз шегінде төмендейді, ал бірінші дозасын алғанда одан төменірек 80 пайыз шамасында деп бағаланған. Олар оған былтырғы желтоқсаннан наурызға дейін зерттеушілер назарында болған 3 950 еріктінің ауруды алдырмаған бекемдігіне қарап баға берген көрінеді.
Ал Оңтүстік Азиядағы бірқатар ел азаматтарын COVID-19-ға қарсы вакцинамен қамтамасыз етудің түрлі жолдарын іздестіріп жатыр. Филиппин, Оңтүстік Корея, Индонезия аймақтағы елдерді қамтамасыз етуді жоспарлаған Үндістанның уақытша AstraZeneca вакциналарын экспорттауды тоқтата тұруына байланысты осындай қадам жасады. Үнді тарапы кешіктірудің негізгі себептеріне тоқталмастан, елдегі Сарысу институты COVAX-пен әріптестіктің аясында мамыр айында вакцинаны экспорттау қайта жанданатынын хабарлады. Әйтсе де Оңтүстік Корея өздеріне уәде етілген 690 мың дозаның 432 мыңын ғана сәуірдің аяғына қарай жеткізілетініне алаңдаса, Вьетнам жағы тиесілі жүктің 40 пайызы ғана жіберілетініне қынжылыс білдірген. Ал Филлипин билігі вакцина кешіккен жағдайда Қытай мен Ресейге иек артатынын мәлімдеп отыр.
Вакцина жасау ісінің қай елдің де ғылыми әрі экономикалық әлеуетінен хабар беретін көрсеткішке айналғаны рас. Отандық ғалымдардың табысын ДДҰ мойындап, қазақ вакцинасын үміткер ретінде тіркегені мәлім. Биыл барлық сынақтан өткен отандық вакцина өмірге жолдамасын алады деп үміттенеміз. Әзірге қолданысқа енген BioNTech/Pfizer және Moderna, AstraZeneca, Спутник V тәрізді кең танымал болмағанымен, түрік бауырлардың интраназалды вакцинасы қазіргі уақытта адамдарға клиникалық зерттеуден өткізіліп жатқанын түркиялық ақпарат агенттіктері хабарлайды. Түркия өнеркәсіп министрі Мұстафа Варанкқа сүйене таратқан хабарға сенсек, спрей тәрізді мұрынға жіберілетін вакцинаның жақын арада тұсауы кесілетін сияқты. Негізінде Түркияда COVID-19-ға қарсы 6 вакцина жасалу үстінде. Ізденістері нәтижелі болған Эрджиес, Хаджеттепе, Мәрмара, Ататүрік, Ақдениз және Йылдыз техникалық университеттерінің ғалымдары осылайша Түркияның ғылымдағы әлеуетін әлемге танытуда.
Тәжтажалға айналған SARS-CoV-2 тырнағынан құтқарушы вакцина атаулыға әлем көз тігіп, оған қатысты әр жаңалыққа елеңдейді. Сондықтан егуге қарағанда қолданылуы жеңіл спрей түріне қызығушылықтың оянуы да заңдылық тәрізді.
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары марапатталды
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:57
Спорт • Бүгін, 08:55
Теннис • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Қоғам • Бүгін, 08:52
Ұқсас жаңалықтар