Медицина • 07 Сәуір, 2021

Алексей Цой: Вакцина жеткізу бойынша проблемалар бар

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакциналауға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмалары орындалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алексей Цой: Вакцина жеткізу бойынша проблемалар бар

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында журналист Алексей Цойға «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сіз басқарып отырған ведомствоның жұмысын сынға алды. Осы орайда қандай кемшіліктер болғанын атап өте аласыз ба?» деген сұрақ қойды. Бұл сұраққа Денсаулық министрі іркілместен, Мемлекет басшысы негізгі екпінді вакциналау мерзіміне қатысты қойғанын айтты.

«Әрине, ел ішіне вакцинаны жеткізу үшін барынша күш-жігерімізді салып отырмыз. Осы орайда нарықта барша вакцина қолжетімсіз болып тұрғанын тағы бір мәрте атап өткім келеді. Қазір осы вакциналар еркін саудаға шығарылмаған. Біздің мақсатымыз – бұл вакциналардың жеткізілуін барынша жылдамдату үшін кез келген ресурстарды табу. Бұл жеткізімдер бойынша проблемалар бар, алайда ақпан айынан бастап Қазақстанда бар көлеммен вакциналауды бастадық», деді министр.

Оған қоса, Алексей Цой вакцина салдырудың нұсқаулықтары өте дұрыс жасалғанын, яғни қажетті жұмыстар кезең-кезеңмен атқарылып жатқанын алға тартады.

«Қазір халықтың сенімі артып, екпе жасатуға ниетті адамдар көбейді. Әрине, вакцинаның нарыққа еркін шығарылмауы тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар біздің көршілес елдер үшін де проблема болып тұр. Біз барынша жылдамдатып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындайтын боламыз», деді А.Цой.

Еске сала кетейік, індетке қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жұмысына көңілі толмайтындығын ашық жеткізген еді.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше