Аймақтар • 07 Сәуір, 2021

Петропавлда бойжеткенге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті

708 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 сәуір күні сағат 18:15 шамасында Петропавл қаласының полицейлері Жамбыл көшесіндегі үйлердің бірінің подъезінде бойжеткенге шабуыл жасады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Петропавлда бойжеткенге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті

«Қазіргі уақытта ұсталған ер адам Петропавл қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл іс толық, жан-жақты, барлық жағдайлар ескеріле отыра объективті тергеледі, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, 5 ақпан күні сағат 20.00 шамасында Петропавлдағы көп қабатты үйлердің бірінің подъезінде 19 жастағы бойжеткенге белгісіз ер адам шабуыл жасаған еді. Ол қыздың тамағына пышақ тақап, зәбір көрсетпекші болған. Айғайды естіген көрші бойжеткенді құтқарғанмен, ер адам қашып кеткен еді.