Тыңның эпицентрі атанған өңірде тіліңді құрметтеп, рухани қазынаңды тірнектеп жинап жүрген жанды көргенде жүрегің жылып қалады екен. Айтуына қарағанда, тілді үйрену үшін аса үгіттеудің қажеті шамалы. Санасы жетіп салмақтап, суын ішкен, өсіп-өнген өңірін ардақтап, бағалап, байыбына барса болғаны.

Әуелі жарқылдатып Жұбан ақынның жырын оқыған. Алаштың бар болмысы, мұңы мен зары, өткеннің өкінішті сәттері, бойындағы бұлықсыған бұла күші, адал ниеті мен арлы ісі алмас қылыштай жарқылдаған. Ашық, бояуы қалың үн жыр нәрін кестелегенде, Абай хакім айтпақшы, «құлақтан кіріп, бойды алады» екен. «Мың өліп, мың тірілген қазақтың» мұң тілімен жөргегінде танысқан сәті көз алдыңда қылаң беріп, күн тұтылып, түн түріліп, алақаныңдағыдай анық көрінетіні сонша, тарихтың қатпар-қатпар қыртысы әп-сәтте бауырына бөккен сырды айғақтап, қыртысы жазылып жүре бергендей.
Өз айтуына қарағанда, жүгіртіп кітап оқуға қауметі жеткеннен бастап әдебиетке құмар болған. Әрине, сәби сана көркем әдебиеттің кереметін бірден ұғып алды демесек те, өсе келе кез келген ұлттың жан-дүниесін, тарихы мен өнегесін етене жақын білуі үшін алдымен көркем сөзін оқу керектігін түйсінген. Қазақ поэзиясының мұзтауы Мұқағали жырларын да жылап жатып оқушы едім деп қояды.
Әдебиетке деген сол құмарлық облыс орталығындағы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің кітапханашы факультетіне жетектеп әкелген. Жоғары оқу орнын ойдағыдай аяқтағаннан бері табаны күректей 16 жыл бойы ауылдық кітапханада оқырмандарға қызмет етіп келеді.
– Қазір тамаша, көңілім қалаған қаншама әдебиеттің ортасындамын, – дейді Юлия Таженова. – Қазақ тілі – ғажап тіл. Маған өзге тілде ой-пікірді тура айтпасам, түсінбейтін болып көрінеді. Ал қазақ астарлап, әдемі сөйлейді. Айтар ойы сөздің өзінде емес, астарында жатады. Мәселен, «қызым саған айтамын, келінім сен тыңда» демекші, бұл да үлкен сыйластық мәні бар дүние. Өзім де қазақтың келінімін ғой, келіннің тарапына айтылар сын-ескертпені қызға құлаққағыс етсе, ол пікірдің маған да қатысы бар деп шамалай беруіме әбден болады.
Әйтсе де, Юлия Викторовна қайын енеден ескертпе алатын келін емес екен. Ас-суға майлы қасықтай. Кәдімгі ауылдағы алдынан жұмыс үркіп отыратын келіншектер тәрізді таңмен таласа тұрып, сиыр сауады. Көп жұрт ұмытқан құрттың неше түрін дайындайды. Ірімшігінің дәмі балдай. Көп кісінің қолынан келе бермейтін қоспа жасауды да қапысыз меңгеріп алыпты. Айтуына қарағанда, ұлттық тағамдардың қыр-сырын әжелерінен үйренген. Бастапқы қалпында. Қоспасыз. Бұрынғының асқа бап адамдары ғасырлар бойы жалғастырып келе жатқан, құпия болмаса да көлегейлеп ұстаған тәжірибесін дамытуда.
– Бәрі еңбек етуіңе, істің көзін табуыңа байланысты, – дейді Юлия Викторовна. – Қазақтың келіні болған соң талапқа сай болуың керек қой. Сырт көз – сыншы. Сыртыңнан бағып тұрмаса да, ел ішінде отырған соң есептегі адамның санатындасың. Ауылда мал сүмесімен күн көретін отбасылар үшін бір сиырдың сүті шай қатық, айран-шалапқа ғана жетсе, екі сиыр – бұлақ. Оның сүтінен құрттың неше түрін – сықпа құрт, ащы құрт, тұщы құрт, ірімшік, сүзбе тағы басқа толып жатқан ұлттық тағамдар даярлауға болады. Ертеректе құрт қайнату үшін майын бөліп алып, іркітін сусынға ішу үшін күбіге жинап қоюшы еді. Үстіне шикі сүт құйып жинай беретін. Кейін одан құрт қайнатады. Сапырып сусын орнына да ішеді. Әлі есімде, сүттен істелетін тағамның ішінде быршыма дейтін де түрі болатын. Ол – көп тұрып ашып кеткен айран немесе іркіт түрлері. Быршымадан да құрт қайнататын. Кілегей қаймақтан сары май алынатын. Бал қосып қоюландырған балқаймақ сырқат адамдарға шипалық дәруі бар ас ретінде пайдаланылатын. Пісірілген сүттің қазанға жабысқан тұнбасын қаспақ деуші еді ғой. Қаспақты, әсіресе, кішкентай балалар сүйсініп жейтін.
Жергілікті ұлт тілінде жатық сөйлейтін, тілін ғана емес, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жақсы білетін Юлия Викторовнаның қазақ тілін дәл осылай жақсы білгені үшін ұстазы Мәриям Бүркітбаеваға айтар алғысы шексіз.
– Қазір қазақ тілі менің ана тілім деп айтсам да болар, – дейді ол. – Қазақстанда туып-өскен соң мемлекеттік тілде сөйлеу – әр адамның міндеті ғой. Парызымыз бен қарызымызды өтеп жатырмыз.
Өтеп жатқаны рас. 2008 жылы астананың 10 жылдығына арналған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» аудандық байқауында топ жарыпты. 2011 жылы облыстық «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» облыстық Абай оқуларында Алғыс хатпен марапатталған, 2016 жылы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілген «Жыл кітапханашысы» облыстық кәсіби шеберлік байқауының «Үміт» аталымы бойынша дипломант атанған. Nur Otan партиясының бағдарламалық мақсат-міндеттерін насихаттауға үлес қосқаны үшін партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатын алған. Өткен жылы Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Жұбайы Дархан – ауылдағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Қызы Камила Нұр-Сұлтан қаласындағы колледждердің бірінде қазақ тобында оқып жүр. Ұлы Әлижан да қазақ тілінің тұнығынан нәр алып, желкілдеп өсіп келеді.
Қазір өңірдегі тіл жанашырының бірі Юлия Викторовна өзі туып-өскен Қына ауылының тарихын зерттеп жүр. Қынадан шыққан жақсы мен жайсаңның елге, тәуелсіздікті баянды етуге қосқан үлесін де жас ұрпаққа өнеге етпек. Соғыс ардагерлерінің ерлік жолдары өз алдына бір төбе. Кейін ауылы жайлы бір кітап шығарсам дейді. Кәдімгі өз көңілі құлай сүйетін қазақтың көркем тілінде.
Ақмола облысы,
Ақкөл ауданы
Қазақ әліпбиінің латын графикасы нұсқасына тағы өзгерістер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 16:01
Сауран ауданына алғашқы әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:52
Дәрігер мамандықтарына грант санын көбейту қажет – Президент
Білім • Бүгін, 15:42
Қостанайда тұрғын үйден шыққан өрттен әйел адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:41
Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кешенді жоспар жобасы дайын
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Атыраудың ауылдарына таза ауыз су жеткізуді тапсырды
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Президент Атыраудағы денсаулық сақтау нысандары ескіргенін айтты
Аймақтар • Бүгін, 15:31
Ұлтқа берері көп тұлғаларымыздан айырылып қалып жатырмыз - Қ.Тоқаев
Президент • Бүгін, 15:28
Атырау облысында 37 жаңа мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 15:27
Президент Атырау облысындағы Ресеймен шекаралас бекетке қатысты пікір білдірді
Аймақтар • Бүгін, 15:21
Жол саласындағы мәселелерді кешенді түрде шешу қажет
Президент • Бүгін, 15:17
Президент Сарайшық қаласындағы туристік саланы дамытуды тапсырды
Президент • Бүгін, 15:12
Мемлекет басшысы: Атырау облысында медицина мамандары жетіспейді
Медицина • Бүгін, 15:09
Жол салатын мердігерге талап қатаң болуға тиіс – Президент
Президент • Бүгін, 15:08
Үкімет пен өңірдегі әкімдіктердің міндеті – жол қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету
Аймақтар • Бүгін, 15:03
Мемлекет басшысы Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайтынын айтты
Президент • Бүгін, 14:56
Бүгін бокстан әлем біріншілігінің финалдық сайыстары өтеді
Бокс • Бүгін, 14:50
Елордада вакциналау пункті бар СОО-лар сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Жалақысы көп өңірлер анықталды
Қаржы • Бүгін, 14:30
Президент Жайық өзенінің тартылып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді
Президент • Бүгін, 14:30
Жамбыл облысында көлік ұрлығы 40 пайызға азайған
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Індеттің алдын алмаса, адам өлімінің күрт өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін - Президент
Қоғам • Бүгін, 14:00
Отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы пайдалануға берілді
Қазақстан • Бүгін, 13:58
Солтүстік Македониямен арадағы келісімдер азаматтар құқықтарын қамтамасыз етеді - М.Әшімбаев
Қазақстан • Бүгін, 13:29
Мемлекет басшысы: Қашаған кен орнын толық игеру керек
Президент • Бүгін, 13:29
СҚО-да өртенген саяжайдан ер адамның денесі табылды
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алматыда биыл жеке тұлғалардан 5,3 млрд теңге көлік салығы түсті
Аймақтар • Бүгін, 12:51
Ұлт тарихтын зерделеудің бүгінгі ұстанымы
Тарих • Бүгін, 12:50
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 12:35
«Keruen» мен «Абу-Даби Плазада» COVID-19-ға қарсы вакцинация пункттері ашылды
Коронавирус • Бүгін, 12:32
Жол сапасы ішкі туризмнің дамуын тежеп келеді – Сенат депутаты
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Қазақстан • Бүгін, 12:10
11 млрд теңге жұмсалған құбырдан су емес құм ағып тұр
Қоғам • Бүгін, 12:08
Сарайшықтың орнын сақтау мүмкіндігі азайып барады
Тарих • Бүгін, 11:55
ТЖМ басшысы су тасқыны қаупі бар учаскелерді әуеден бақылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Талғат Мұсабаев азаматтық авиация саласындағы өзекті мәселелер туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 11:36
Сенатор: Аграрлық саладағы субсидиялау ережесін қайта қарау керек
Парламент • Бүгін, 11:33
Қостанай облысында вакцинация тоқтатылды
Медицина • Бүгін, 11:33
Павлодарда екі көлік соқтығысып, ер адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:25
Күлтөбеден табылған алтын сырғалар қорық-музей қорына тапсырылды
Руханият • Бүгін, 11:19
Елімізде күнбағыс майы қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:18
Бір күнде 6 мыңнан астам алматылық вакцина салдырды
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Қарттар үйінде 2 адам коронавирустан қайтыс болды
• Бүгін, 11:07
ІІМ басшысы полицейлер орындауы тиіс 8 міндетті анықтады
• Бүгін, 10:49
Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 800 мыңға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 10:43
Ақын Жәркен Бөдеш өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:23
Елордадағы сауда орындар 22:00-ге дейін жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 10:21
Қазақстанның 10 өңірі «қызыл» аймақта тұр
• Бүгін, 10:21
Олимпиадалық турнирдің жеребесі тартылды
Футбол • Бүгін, 10:10
Өндірістегі жазатайым жағдайлар азайып келеді
Қоғам • Бүгін, 09:57
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 09:31
«Қайрат» «Бенфикамен» күш сынасады
Футбол • Бүгін, 09:17
Коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:11
Әкімдер Парламентте есеп беретін болады
Парламент • Бүгін, 09:07
Өткен тәулікте 2373 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Көз тоймайтын коттедж қалашығы
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Руханият • Бүгін, 08:30
Жайылымдық жер де күтім тілейді
Қоғам • Бүгін, 08:25
Аймақтар • Бүгін, 08:22
Теміртау экологиясын оңалтуға назар аударды
Экология • Бүгін, 08:21
Мақсаты айқын, қалыптасқан, орнықты құрылым
Пікір • Бүгін, 08:15
Елбасы және Қазақстан халқы Ассамблеясы
Қазақстан • Бүгін, 08:13
Пікір • Бүгін, 08:10
Қоғам • Бүгін, 07:57
Ғылым • Бүгін, 07:42
Абайдың қарасөздері – тәрбиенің қайнар көзі
Абай • Бүгін, 07:40
Белгісіз дерттің беті қайтқан жоқ
Қоғам • Бүгін, 07:40
20 мыңға жуық тұрғын екпе салдырды
Аймақтар • Бүгін, 07:39
Алтынсарин және Қостанай мектебі (Оның бастау арнасы – Троицк кездейсоқ таңдау емес)
Тарих • Бүгін, 07:35
Ұқсас жаңалықтар