Қоғам • 08 Сәуір, 2021

Өзін қорғамақ болған: Шамалғанда 54 жастағы әйел күйеуін өлтірді

747 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шамалғанда 57 жастағы тұрғынның мәйіті өз үйінен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев таратқан хабарға сілтеме жасап.

Өзін қорғамақ болған: Шамалғанда 54 жастағы әйел күйеуін өлтірді

Оқиға 4 сәуірде болған. Шамалған станциясының 57 жастағы тұрғынының мәйіті өз үйінен жүрек тұсына пышақ сұғылған күйінде табылды.

«Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы ер адамға 54 жастағы әйелінің пышақ сұққанын анықтады. Сонымен қатар ер адамның бұған дейін бірнеше рет әйелін ұрып-соққаны белгілі болды. Бұл жолы да ер адам мас күйінде қолына ас үй пышағын алып, әйелін оятқан. Оны ұрып, буындыра бастаған. Амалы қалмаған әйел пышақты жұлып алып, ер адамның кеуде тұсына сұққан»,  деп жазды Facebook-те облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев.

Күдікті қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабы (ұстап алу негіздері) бойынша бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілгенге дейін уақытша ұстау изоляторында болады.