Спорт • 08 Сәуір, 2021

Елордалық көкпар командасы ел біріншілігінде үздік атанды

621 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында 29 наурыз бен 7 сәуір аралығында көкпардан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордалық көкпар командасы ел біріншілігінде үздік атанды

Дүбірлі додада Нұр-Сұлтан қаласының командасы бірінші лигада ел чемпионы атанды.

Еліміздің барлық өңірінен үздік көкпаршылар қатысқан жарыста біздің шабандоздар 4 кездесу өткізіп төртеуінде де айқын басымдықпен жеңіске жетті. 30 наурызда Маңғыстау облысының спортшыларымен өткен ойында спортшыларымыз 6:3 есебімен ұтса, келесі күні Ақтөбе облысы көкпаршыларымен болған кездесу 8:2 есебімен біздің жігіттердің пайдасына шешілді.

Шымкент қаласының көкпаршыларын да 10:2 есебімен ойсырата жеңді. Ал 4 сәуір күні құраманың кезекті қарсыласы Павлодар қаласының құрамасы ойынан бас тартып, жеңіс біздің спортшылардың еншісінде қалды. Ақтық сында Қарағанды облысын 7:2 есебімен ұтып, елорда көкпар құрамасы бірінші лига чемпиондары атанды.

«Спортшылардың дайындығы және жылқыларды дайындау тұрғысынан үлкен жұмыс жүргізілді. Оңтүстік пен солтүтсік аймақтың арасындағы климаттық айырмашылыққа қарамастан, оңтүстікте оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Жылқылар бейімделе алды, спортшылар физикалық тұрғыдан дайын болды, сондықтан ойын жақсы өтті. Жігіттер қорғаныста да, жекпе-жекте де барын салды. Ары қарайғы басты мақсатымыз – жоғары лигадағы үздік үштікке ену»,  деді «Нұр-Сұлтан» көкпар клубының директоры Донияр Ибраев.

Елорда командасының сапында Қазбек Амангелдинов, Нұрболат Қартқожақ, Асқар Оңғарбаев, Азамат Хасенов, Абай Ережеп, Жақсылық Амалбеков, Елдос Тілебалдиев, Мейіржан Мәтжан, Владирмир Киль, Алижан Қаттабосынов, Арслан Қабжанов, Елжас Есенгелді сынды шабандоздар өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45