Қазақстандағы шалғай елді мекендерге интернет енді спутник арқылы да таратылады. Қазір осы мақсатта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі OneWeb, Starlink және Ses сынды спутниктік байланыс операторларымен тиісті келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы ведомствоның басшысы Бағдат Мусин айтты.

Байланыс сапасына талап күшейтілді
Бұдан былай 4G мобильді байланыс қызметінің сапасы секундына 5 мегабиттен, 3G-дің байланыс сапасы секундына 1,5 мегабиттен кем болмауы тиіс. Мұндай талап биыл белгіленіп, оны байланыс операторлары сақтамаған жағдайда көлемді айыппұл төлейді. Министр ведомствоның бастамасымен тиісті бағыттағы құрылыс талаптарына өзгеріс енгізілгенін, енді оптикалық арналар құрылыс аяқталғанға дейін қосылуы керек екенін айтты. Сондай-ақ салалық заңда байланыс операторларына қатысты жауапкершілік күшейтіліп, айыппұл мөлшерін он есеге, яғни 2 млн теңгеге дейін арттыру қарастырылуда. Ғарыш саласын дамыту бойынша екі бағытқа көңіл бөлініп отыр. Біріншісі, байланыс спутниктеріне қатысты. Атап айтқанда, құзырлы орган KazSat-2R жасанды жерсерігін ескірген технологиямен ғарышқа жіберуден бас тартқан сыңайлы. Балама шешім ретінде төмен орбиталды спутниктік топтардың өндірісін жолға қойған компаниялармен әріптестік орнату көзделіп отыр.
«Қазір 1200 ауылға интернетті заманауи спутниктік технологиялар арқылы жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл мақсатта үш оператормен, нақты айтқанда OneWeb, Starlink және Ses секілді компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Яғни KazSat-2 тарататын 8 мегабит пен төмен орбиталды спутниктер тарататын 1 гигабайт байланыс жылдамдығын салыстыруға келмейді. Демек ескірген технологияларға инвестиция салғаннан гөрі, тың технологияларға басымдық берген әлдеқайда тиімді», деді Б.Мусин.
Екінші бағыт – Жерді қашықтан зондтау жүйелері. Бұл технологиялардың бірнеше салада нәтижелері байқалып, өзінің тиімділігін әлдеқашан дәлелдеген. Айталық, былтыр 1 млн гектардай пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері, 217 заңсыз ағаш кесу, 4 млн гектар алқапқа тараған орман өрті, сондай-ақ 9 мың заңсыз қоқыс орны анықталды. Бұл бағыттағы жұмысты «Қазақстан ғарыш сапары» компаниясы атқарып келеді. Спутниктік жүйелерді құны 63 млрд теңгені құрайтын жаңа зауытта шығарылмақ.
Интернет сапасын арнайы жабдықтар анықтайды
Тиісті ведомствоның ақпаратына сүйенсек, биыл 286 ауыл 2G-ден 3G және 4G технологияларына ауыстырылады. Халқының саны 250 адамнан аспайтын тағы 292 ауылда байланыс сапасы жақсартылатын болады деп сендірді Цифрлық даму министрлігінің өкілдері.
«Интернет сапасын бақылау мақсатында арнайы жабдықтар сатып алынды. Олардың 6-ы еліміз аумағында қолданылып, осындай 17 жабдық облыс орталықтарында орнатылған. Десе де байланыс сапасын тексеру үшін өңірлерге шығып тұрамыз. Мысалы, Түркістан облысына барған кезімде Шымкент-Түркістан бағытындағы жолда интернет сапасы әлсіз екі ауылды анықтадық. Қажетті жабдықтармен тиісті өлшем жүргізіліп, айыппұл салынды, сол секілді олқылықты жоюға 2 ай берілді. Егер де бұл мерзімде қателіктерді түземесе, қатаң шаралар қабылданады.
Әлбетте, айыппұл салып еліміздің 17 өңірінде арнайы өлшеу шараларын жүргізуге мүмкіндігіміз жеткілікті. Алайда оған негіз болатындай себеп қажет. Facebook және Instagram арқылы көптеген қоңырау келеді, бірақ олар негіз бола алмайды. Тек қол қойылған немесе электронды цифрлы қолтаңбамен куәландырылған азаматтардың өтініштерін ғана пайдалануымыз қажет», деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
Сондықтан Б.Мусин халықты интернеттің сапасыз жұмысына байланысты уәкілетті органға хабарласып, ескертіп отыруға шақырды.
Дербес деректі қорғау – басты назарда
«Қазір дербес деректі қорғау өзекті мәселеге айналғаны белгілі. Сол себепті Мемлекет басшысы жеке мәліметтерді қорғау ісін мықтап қолға алуды тапсырған еді. Осыған байланысты құзырлы орган бірнеше бағытта жұмыс істеп жатыр», деді министр.
«Егер де бұрын ХҚКО-ның операторлары азаматтардың деректерін ЖСН арқылы алып жүрсе, енді клиенттер СМС-тегі кодты өз еріктерімен айтпайынша, кіруге тыйым салынатын қағида енгізіледі. Тиісті код енгізілгеннен кейін ғана оператор жеке деректерді көре алады. Мұндай қағида барлық жерде қолданылмақ. Қазір 3 Халыққа қызмет көрсету орталығында сынақтан өткізілуде. Жыл соңына дейін жүйе ретке келтіріліп, бүкіл жерге енгізіледі. Бұл дербес деректерді қорғаудың және мемлекеттік қызметшілерді шектеудің ең пәрменді қағидаты», деді ол.
Бұдан басқа WebTotem қызметін қолдану ісі жалғасып келеді. Қазір 160 мыңға жуық сайт аталған жүйемен қорғалған. Bug-bounty 275 бастамасы шеңберінде «ақжағалы хакерлер» мемлекеттік ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігінің осал тұстарын анықтауда. Бүгінде олар ақпараттың тарап кету тәуекелінің 172 параметрін тауып отыр.
«Біз дербес деректі таратуға бағытталған тәуекелдерге тыйым салып, оларды толығымен жоюға басымдық беріп отырмыз. Мәселен, Мемлекеттік кірістер комитетінде Salyk.gov сайты болғанын жақсы білесіздер. Онда кез келген азаматтың аты-жөнін теріп, ЖСН-ын, сол секілді тұрғылықты жерін тауып алуға болатын. Сондықтан осындай сервистерді жойып, тек дербес деректерді қорғау аясындағы қызметтерді ұсынуға көңіл бөлеміз», деді құзырлы органның басшысы.
Б.Мусин таяу уақытта «1414» бірыңғай операторының жұмысы да ретке келтірілетініне уәде берді.
Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды
Күрес • Бүгін, 11:35
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:00
Алматыдан 181 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Елімізде өткен тәулікте 1806 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Өткен тәулікте 2828 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:45
Қасиетті айда қайырымдылық жасады
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Бүгін аруларымыз үш жүлде алды
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 22 мыңнан аса оқушы тест тапсырады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
Үкімет • 16 Сәуір, 2021
Театрда «Мауглидің» тұсаукесері өтті
Өнер • 16 Сәуір, 2021
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталды
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Кісі қолынан қайтыс болған Аяжан Еділованың мәйіті жер қойнына тапсырылды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордалық оқушы «EGMO-2021» олимпиадасында екінші орын алды
Білім • 16 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауданды су басу қаупі бар
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Теміржол индустриясының әлемдік көшбасшысы Қазақстанмен ынтымақтастыққа ниетті
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Пәтер ішін заңсыз жоспарлау неге апарады
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Төрт аруымыз жарысты жалғастыруда
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Ақтау-Жетібай тас жолында жүк көлік өртеніп кетті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Павлодарда 16-шы қабаттан секірмек болған ер адам өлім аузынан қалды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордада газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Елорда • 16 Сәуір, 2021
Алматы облысының орман алқабындағы өрт әлі толық сөндірілген жоқ
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан стационарларында 4,5 мыңға жуық науқас емделіп жатыр
Коронавирус • 16 Сәуір, 2021
Екібастұзда көлік жүргізуші үй ауласында жасөспірімді қағып кетті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Браконьерлік фактілер бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
Экология • 16 Сәуір, 2021
Шымкенттің бас дәрігері ауруханадағы жантүршігерлік жағдай туралы айтты
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • 16 Сәуір, 2021
Түркістан саммитінде мақұлданған бастамалар Ыстанбұлда рәсімделетін болады
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Шахрат Нұрышев: Ел азаматтары Түркі ұйымдарын абыроймен басқарып келеді
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Екі килограмм есірткі тәркіленді
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Ғасырлық тарихы бар ежелгі қала жаңа келбетке ие болды – Ақтоты Райымқұлова
Руханият • 16 Сәуір, 2021
Әділет қызметкері әріптесіне жұдырық жұмсаған
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Түркі интеграциясы жаңа деңгейге көтерілді – Шахрат Нұрышев
Руханият • 16 Сәуір, 2021
«Түркістан декларациясы» Қазақстанның Түркі әлеміндегі орнын бекіте түседі – Дархан Қыдырәлі
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар