Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Жанар Амангелдіқызын университет басшылығына тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметте табысты болуына тілектестік білдірді.
Сонымен қатар тараптар түркі әлемінде ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, Түркі кеңесі саммитінде мемлекет басшылары көтерген бастамалар мен тапсырмаларды бірлесіп жүзеге асыру, түркі халықтарындағы тұғырлы тұлғалардың тағылымы мен мұраларын насихаттау, «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбы төңірегінде ортақ жобаларды қолға алу қатарлы мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу соңында академия басшысы университет ректорына Түркі академиясы жарыққа шығарған бірқатар бағалы басылымды сыйға тартты.